​Түркістан облысында төтенше жағдайға байланысты 2 блокпост жұмыс істеп тұр

0
953

Түркістандық полицейлер азаматтарға төтенше жағдай кезінде белгіленген заң талаптарын сақтауға кеңес береді.


​Түркістан облысында төтенше жағдайға байланысты 2  блокпост жұмыс істеп тұр
Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі ППБ-ны қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдардарда қызметтік көліктерімен жұмылдырылып, жедел әрекет етуде. Осы мақсатта, Түркістан облысында арнайы 2 блокпосттар орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның бірі «Шақпақ», ал екінші «Сауран» блокпосттарында Шымкент қаласы бағыты бойынша кіріп- шығып жатқан әрбір автокөлікпен жолаушылар арнайы тексерулерден өткізілуде. Түркістандық полицейлер азаматтарға төтенше жағдай кезінде белгіленген заң талаптарын сақтауға кеңес береді. Осындай қиын сәтте сабырға келіп, өз денсаулығыңыз үшін барлық сақтық шараларын жасауды ескертеді.
Айта кетсек, 19-наурыз сағат 00:00-ден бастап Нұр-сұлтан мен Алматы қалалары каратинге жабылғаннан соң, Оңтүстікке қарай ағылған жұрттың қарасы қалың. Осы сәтте полицейлер қарап қалмай, медицина қызметкерлерімен бірлесіп қарқынды жұмыстар жүргізуде. Яғни, осы өңірге жол тартқан әрбір жолаушы тексеріліп, өткізілуде.