Шетелдік travel-блогерлер алдағы уақытта өңірдің табиғаты шырайлы демалыс аймақтарымен танысып, саяхаттап келуге ниетті екендерін жеткізді.
Түркістанның туристік тартымдылығын арттыру мақсатында ақпараттық тур ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Екі күнге созылған іс-шараға Египет, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Қазақстанның travel-блогерлері қатысты.
Қатысушылар алғашқы күнде Арыстан баб кесенесі, Отырар қалашығы сынды тарихи орындарға саяхаттады. Сонымен қатар Түркі елдерінің туристік астанасы атанған Түркістан қаласының рухани-мәдени орындарымен танысты. Түркістан қаласының жергілікті ресторандарында болып, шаһардың қонақжайлылығын сезінді.
Шетелдік travel-блогерлер алдағы уақытта өңірдің табиғаты шырайлы демалыс аймақтарымен танысып, саяхаттап келуге ниетті екендерін жеткізді.