Түркістан облысында жанар-жағар май бағасы тұрақты бақылауда

0
826

Егер бағаны негізсіз көтірген бекеттер анықталса шара көріледі.


Түркістан облысында жанар-жағар май бағасы тұрақты бақылауда

Түркістан облысы аумағында өткен жылмен салыстырғанда АИ-92 бензинінің орташа бағасы 20,8%-ға өскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы аумағында өткен жылмен салыстырғанда АИ-92 бензинінің орташа бағасы 20,8%, дизель отыны 28%, АИ-95 бензинінің орташа бағасы 24% өскен. Дегенмен, облыс бойынша жанар-жағар май бағасы тұрақты. Үкіметпен бекітілген шекті бағадан аспайды және жетіспеушілік салдары байқалмайды. Бұл туралы облыстық инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Әбдіразақова брифингте мәлімдеді.


«Өңірде күнделікті жанар-жағар май құю бекеттеріндегі бағалар бойынша мониторинг жүргізілуде. Егер бағаны негізсіз көтірген бекеттер анықталса шара көріледі. Жалпы баға тұрақтылығы ҚР Энергетика министрлігі тарапынан бақылауда», - деді Нұргүл Пердебайқызы.


Бүгінгі таңда өңіріміздегі жанар-жағар май құю бекеттерінде бір литр АИ-92 маркалы бензин 174,2 теңгеден, АИ-95 бензині 205,6 теңгеден сатылуда. Ал, дизельді отынның бағасы - 224,9 теңгені кұрайды. Айта кетейік, ірі жанар-жағар май құю бекеттерінде АИ-92 бензиннің бағасы 175-177 теңге, дизельді отын 225-230 теңге аралығында.