Түркістан облысында виртуалды шындық технологиясы туризм саласына енгізілді.
Түркістан облысында виртуалды шындық технологиясы туризм саласына енгізілді. Осындай тәсілмен Шымкенттен шықпай өңірдегі керемет жерлерді аралауға болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Енді облыс қонақтары ең танымал туристік орындарға виртуалды саяхаттай алады. Қазіргі кезде 3D үлгісіндегі бейнероликтер «Алатау» тау-шаңғы кешені, Ақмешіт үңгірі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жайында түсірілді.
Облыстық Туризм және ішкі байланыстар басқармасының хабарлауы бойынша жыл соңына дейін Сарыағаш ауданының курортты аймағы, Сайрам-Өгем және Ақсу-Жабағылы қорықтары жөнінде роликтер түсіріледі.
Өткен жылы Түркістан облысымен Шымкент қаласына алыс, жақын елдерден 22 мыңға жуық шетелдік туристер келген.