Өмірзақ Шөкеев 2019 жылы ақпанда Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған болатын.
ERNUR.KZ. Түркістан облысының әкімі Шөкеев отставкаға өтініш берді. Ақпаратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп жазады Tengrinews.kz.
Өмірзақ Шөкеев 2019 жылы ақпанда Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған болатын.
Өмірзақ Естайұлы Шөкеев 1964 жылы 12 наурызда Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген.
Институтты бітіргеннен кейін ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау жанындағы АӘК ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері;
ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі;
ҚР Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинеті Қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
ОҚО әкімшілігі басшысының орынбасары.
Әр жылдары ҚР Экономика министрі;
ҚР экономика және сауда министрі;
ҚР премьер-министрінің орынбасары;
"Банк Туран-Әлем" ЖАҚ Басқарма төрағасы болды";
ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
Әр жылдары Қостанай облысының әкімі, Астана қаласының әкімі және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған. 2007 жылдың тамызда Шөкеев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын (ҰӘҚ) басқарды.