ТҮРКІСТАН: Өгем тауы етегінде сенбілік өтті

0
361

«Жастар шыңы – 2024» іс-шарасы өтті.


ТҮРКІСТАН: Өгем тауы етегінде сенбілік өтті

Қазығұрт ауданы Өгем тауы етегінде сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен «Жастар шыңы – 2024» іс-шарасы өтті. Аталмыш шараға Қазығұрт ауданының әкімі А.Исмаилов, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысы Е.Бектаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Көшкінбай, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Серкебаев, сондай-ақ облыстың әр аймағынан жиналған 50-ге жуық жас қатысты.


«Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркіне» қарасты Өгем тауына арнайы ұйымдастырылған саяхаттың негізгі мақсаты – өңірдегі экотуризмді дамыту, киелі орындар мен тарихи мекендерді жастар арасында кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Jasyl Marathon 24» атты плоггинг болып өтті. Шарада Өгем тауының бөктеріндегі қоқыстар жиналып, арнайы техникалардың көмегімен полигондарға жеткізілді.


Тазалық жұмыстарынан кейін аудан әкімдігі, облыс жастары, Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары мен ерікті жастар арасында волейболдан турнир өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң командасы иеленді. Ал 2-орынға «Түркістан» командасы табан тіресе, 3-орын «Қазығұрт ауданы әкімдігінің» командасына бұйырды. Жеңімпаз атанған командаларға аудан әкімінің атынан естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталды.