Көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған кеште қонақтар бишілермен бірге бүгінде трендте жүрген заманауи билерді орындады.
Түркістандағы «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубының ашық алаңында «Менімен биле» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мекмеде жұмыс істеп тұрған «Заманауи би» үйірмесі ұйымдастырған есеп беру іс-шарасына Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары, ата-аналар мен балалар және БАҚ өкілдері қатысты.
Мерекелік іс-шара барысында «Заманауи би» үйірмесінің жас өнерпаздары «Todes», «Wild crew dance», «Queen card dance», «Bad girls», «Solo» билерін орындап, ән де шырқалды.
Сонымен қатар, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған кеште қонақтар бишілермен бірге бүгінде трендте жүрген заманауи билерді орындады.