ТҮРКІСТАН: Онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші артты

0
803

2021 жылы 1089 адам онкологиялық ауруға шалдыққан.


ТҮРКІСТАН: Онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші артты

Түркістан облысында соңғы 8 айда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, мәслихат депутаты, кеңес төрайымы Қалымай Жантөреева төрағалық жасап, жүргізіп отырды.


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде Түркістан облысының медициналық мекемелерінде қатерлі ісікке қарсы күресті күшейту, алдын алу жолдары, жұмыстары талқыланды. Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова онкологиялық аурулардың алдын алу, емдеу, өлім-жітімді азайту жолында жүйелі жұмыс жүріп жатқанын айтты. 2021 жылдың 8 айында Түркістан облысында 1089 адам онкологиялық ауруға шалдыққан. Оның 59,1 пайызын әйелдер құрап отыр. Ауырғандардың жас ерекшелігі 35-70 жас аралығында.


Жалпы, онкологиялық аурудан болған өлім көрсеткіші бойынша Түркістан облысы республикада соңғы орында. Өкінішке қарай, биыл 618 адам қайтыс болған. Облыста ауруды ерте анықтау 12,8 пайыздан 17,9 пайызға ұлғайып, скрининг жұмысы күшейген. Осы және өзге де деректерге тоқталған Алтын Досанова күн тәртібіндегі екінші мәселе туралы да баяндады. «Nur Otan» партиясының Жол картасының 69 тармағы, яғни, «Ауылдық елді мекендердің медицина саласындағы кадрларды 140 адамға дейін қамтамасыз ету» бағытындағы жұмыстарды атап өтті.


Қоғамдық кеңес отырысын түйнідеген Қалыйма Жантөреева денсаулық сақтау саласы аса маңызды мәселе екенін, бұл саладағы міндеттер сапалы орындалуы тиіс екенін айтты. Әсіресе ауылдарды, шалғай елді мекендерді дәрігерлермен қамту жұмысы жанданатынын жеткізді.