ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданының әкімі мектепке кітап сыйлады

0
519

Аталған жобаға ордабасылықтар да үлес қосуда.


ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданының әкімі мектепке кітап сыйлады

Ордабасы ауданының әкімі «Алтын ұяңа кітап сыйла» акциясына өз үлесін қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасы бойынша елімізде «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы жүзеге асырылып келеді. Аталған жобаға ордабасылықтар да үлес қосуда.


Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Амангелді Иманов атындағы жалпы білім беретін оқу ордасына арнайы барып, аталған жоба аясында қолға алынған «Алтын ұяңа кітап сыйла» акциясына өз үлесін қосты. Мектепке дала фольклорының 10 томдық антологиясын сыйға тартты. Аталған кітапқа батырлар жыры, дастандар, тарихи жырлар, халық өлеңдері және басқа да құнды дүниелер енгізілген.


Аудан басшысы білім ошағындағы заман талабына сай жаңғыртылған информатика, жаратылыстану, химия кабинеттерін аралап көріп, оқушылармен тілдесті. Жасалынып жатқан игі істердің барлығы оқушылардың сапалы білім алулары үшін екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ оқушыларды білім алуға, жаңашылдыққа ұмтылуға шақырды.