ТҮРКІСТАН: Ордабасыда өнер фестивалі өтті

0
463

Жиында ұлттық салт-дәстүр кеңінен дәріптеліп, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда өнер фестивалі өтті

Ордабасы ауданында «Ауылым – алтын бесігім» атты өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданынының құрылғанына 60 жыл толуына орай Қарақұм ауылында «Ауылым - алтын бесігім» атты өнер фестивалі өтті. Шарада-ауылшаруашылығы өнімдерінің және қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Сонымен қатар, жиында ұлттық салт-дәстүр кеңінен дәріптеліп, спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Аталмыш жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, ауданның дамуына үлес қосқан азаматтарға сый-құрмет көрсетті.


Сондай-ақ, ауыл өнерпаздары көрермендер назарына әннен шашу шашып, тарихи қойылымдарды ұсынды. Шара аясында ауыл ардагерлері даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың кесенесіне барып, дұға бағыштады.