ТҮРКІСТАН: Ордабасылықтарға дәрігерлер "Ашық есік" күнін өткізді

0
1 144

"Артериялық гипертония" дертіне шалдыққандар тегін тексерілуге мүмкіндік алды.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылықтарға дәрігерлер

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында "Артериялық гипертония" дертіне шалдыққан науқастар үшін Ашық есік күні өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауданда өткен Ашық есік күніне "Артериялық гипертония" дертінен зардап шегетін пациенттер шақырылды. Артериалық гипертония - ол артериялдық қан қысымның көтерілуімен сипатталынатын жағдай. Шарада қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтау, көз қысымын өлшеу арқылы ақ,антропометрияны (салмағы мен өсуін өлшеу) өлшей отырып, дәрігерге дейінгі кабинеттердің жұмысы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, пациенттер көрінетін жерде болатын қатерлі ісіктердің барын немесе жоғын тексерумен ер және әйел дәрігерге дейінгі кабинеттерден өте алады. Әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың кеңестері ұйымдастырылды. Емделушілермен дұрыс тамақтану, күн тәртібі бойынша әңгіме жүргізілді, слайдтар көрсетілді және осы тақырып бойынша брошюралар таратылды.

Пациенттер кардиолог, оториноларинголог, офтальмолог, хирург, онколог, эндокринолог, акушер - гинеколог дәрігерлер қабылдауында болып, олардан кеңес алды.