ТҮРКІСТАН: Отырарда 4 тонна қоқыс шығарылды

0
335

300-ге жуық адам атсалысты


ТҮРКІСТАН: Отырарда 4 тонна қоқыс шығарылды

Отырар ауданында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


“Таза Қазақстан” экологиялық шарасы аясында, Отырар ауданы көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында аудан орталығындағы көше бойлары мен елді мекен айналасы, автожол бойлары, арық-атыздарды қоқыстардан тазарту, шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.


Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен ұйымдастырылып жатқан сенбілік жұмыстарына аудан көлемінде 300-ге жуық адам, 4 техника жұмылдырылып, 4 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы орындарға жеткізілді.