Мол өнім алып отыр
Отырарлық шаруа 25 гектар қарқынды баудан өнім алып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Отырарлық кәсіпкер Наятулла Бөрібаев қарқынды бау шаруашылығын қолға алған. «Отырар-Құрал» ЖШС жобаға 150 млн. теңге инвестиция құйған. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы шаруаның кәсібімен танысып, салаға арналған мемлекеттік қолдаулармен таныстырды.
Бүгінде шаруашылықтың меншігінде 50 гектар жер болса, оның 25 гектарына Түркия елінен әкелінген алма, өрік ағаштарының көшеттері отырғызылған. Қазіргі таңда бауда алманың ред, голден, гала және гренни смит сорттары бар. Сондай-ақ, кәсіпкер шабдалы, қара өрік және өрік көшеттерінен өнім алып жатыр. Алдағы уақытта кәсіпкер өнімдерін шет елдерге де экспорттауды жоспарлап отыр.