Министр егіс науқанына тыңайтқыштарды жөнелту шараларын бақылады.
Премьер-министрдің жетекшілік ететін орынбасары мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы егіс науқаны кезінде барлық өңірлерді аралайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі мақсаты өңірлердегі тұрғындардың мәселелеріне назар аудару. Осы орайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы негізінде Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сондай-ақ Ауыл шаруашылығы вице-министрлері жаппай егіс науқаны кезінде өңірлерді аралауды бастады.
Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаров бүгінде Қазақстанның негізгі астық егетін облыстарының бірі - Қостанай облысында, онда саланың негізгі проблемалық мәселелері бойынша шаруалармен бірқатар кездесулер өтеді. Министр облыстағы егіс науқанының барысымен және өңірдегі фитосанитариялық ахуалмен танысу үшін бірқатар аудандарға барады. Бұл аудандарда шегірткенің таралу қаупі жоғары.
Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары С.Жұманғарин, Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаров және жауапты ауыл шаруашылығы вице-министрлері жаппай егіс науқаны аяқталмай тұрып, қалған барлық өңірлерді аралайды.
Күн тәртібінде егістің оңтайлы мерзімдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдетілген несиелеумен қамту, шаруалардың несиелеріне 85 пайызға кепілдік беру бойынша түсіндіру жұмыстары, тыңайтқыштарды жөнелтудегі барыс және басқа да мәселелер бар.