ТҮРКІСТАН: Рашид Аюпов Илон Маскқа ұсыныс жасады

0
711

"Түркістан - Tesla зауыты үшін ең үздік орын".


ТҮРКІСТАН: Рашид Аюпов Илон Маскқа ұсыныс жасады

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қалада Tesla зауытын салуды ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі ресми прақшасына жариялады.

"Болмасын десең жолын жаптың дейтін табылады. Болсын десең кері тартпа адамдар табылады.

Хабарларыңыз бар болар, осыдан бірнеше күн бұрын Илон Маск Tesla электромобильдерін шығаратын зауыттың Ресей Федерациясында пайда болу ықтималдылығын, бұған қоса, Қазақстанды да осы тұрғыда қарастыруға болатынын айтқан еді.

Әлем мойындаған, дүниежүзін қандай да жағынан жақсарта түсетін осындай жобаның біздің елімізде пайда болғаны керемет емес пе? Елімнің, жерімнің патриоты ретінде бұндай мүмкіндікті жібере алмадым. Екі ойлы болып отырған адамға біздің де қуана қарсы алатынымызды білдіргім келді.

Жан жақтан журналистер хабарласып сұрап жатыр екен. Осы жерде бәріне жауап берейін. Иә, растаймын. Әлеуметтік желі арқылы, жоғарыда айтқандарымды ескере, Түркістанға келіп, зауыт ашуға ұсыныс білдірдім. Оларға да, жергілікті халыққа да орасан зор пайдасы боларына еш күмәнім жоқ. Жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп қана қоймай, не деген мүмкіндіктерге жол ашарын елестетіп көрсеңіздер деймін. Нақты бұл салада біздің аларымыз көп. Жастардың үйренері, алар тәжірибесі теңдессіз болар еді.

“Неге Түркістанды жазад?” деп сұрағандарға айтарым. Қазақстанның қай өңірі де лайықты, қолайлы. Мен қазір отырған, туған өлкем жайлы өз пікірімді, өз ұсынысымды білдірдім. Сіздерді де солай жасауға шақырамын. Шекараны жоқ етіп, шексіз мүмкіндік беріп отырған ғаламтордың күшін игі іс үшін неге пайдаланбасқа? Бәріміз бір болып, Қазақстанның өзге елдерден кем емес екенін, Tesla-дай жобаны қолға ала алатынын көрсетейік!",- дейді Рашид Абатұлы.