ТҮРКІСТАН: Рашид Аюпов Рухани-мәдени орталықтағы абаттандыру жұмыстарын тексерді

0
579

Көгалдардың уақытылы суғарылуы бойынша мердігер мекемеге бірқатар сын айтты.


ТҮРКІСТАН: Рашид Аюпов Рухани-мәдени орталықтағы абаттандыру жұмыстарын тексерді

Түркістан қаласының әкімі Рухани-мәдени орталықтағы абаттандыру жұмыстарын бақылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, "Әзірет Сұлтан" қорық музейі аумағын абаттандыру жұмыстарын тексеріп, көгалдардың уақытылы суғарылуы бойынша мердігер мекемеге бірқатар сын айтты. Жалпы ауданы 8,9 гектарды құрайтын аумақта жоба бойынша 326 дана ағаш егу жоспарланса, бүгінгі таңда барлығы отырғызылған. Сонымен қатар субұрқақ пен амфитеатр, көгалдандыру жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда нысан аумағын көгалдандыру бойынша орын алған қолайсыздықтарды қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Келісім бойынша маусым айы ішінде ретке келтіру ескертілді.

Сонымен қатар, 39 гектар аумақты құрайтын "Тұңғыш Президент саябағында" жоспарланған 8 түрлі ағаштан бүгінгі таңға 7024 түп, бұталардан 3964 түп отырғызылды. Оған қоса субұрқақ пен жасанды арал жұмыстары, кіші архитектуралық формалар, көгалдандыру, жарықтандыру және де аяқжол тақтайшалары мен көгалданыру жұмыстарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімі өз сөзінде тұрғындар жайлылығы және қала экологиясына әсер етер жұмыстарды үлкен жауапкершілікпен, сапа мен талапқа сай, жоспар бойынша жүзеге асыруды тапсырды.