ТҮРКІСТАН: Сайрамда 19 жобаны іске асыру жоспарланған

0
437

Оның 12-сі өңдеу бағытындағы іске асатын жобалар.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда 19 жобаны іске асыру жоспарланған

Дархан Сатыбалды Сайрам ауданының өзекті мәселелерін халықпен бірге талқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Сайрам ауданында 64 млрд. теңгеге 19 жобаны іске асырып, 614 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 12-сі өңдеу бағытындағы іске асатын жобалар. Биыл 6 айда 6,8 млрд. теңгеге 5 жоба іске қосылып, 155 жұмыс орны ашылды. Күнбағыс майын шығаратын цех, газоблок зауыты, алкогольсыз сусындар шығаратын зауыт, жылыжай құрылысы жүзеге асты. Тағы құны 4 млрд. теңгеге 9 жобаны іске қосу жоспарда, қалған 5 жобаны іске асыру 2024 жылға жоспарланған. Атап айтқанда, сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын ашып, 2 мың ірі қара малға арналған бордақылау алаңын салып жатыр. «Nurym Grоup» компаниясы құрама жем өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 2,5 млрд. теңгені құрайды.


Бұл туралы Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті. Кездесу барысында облыс басшысы өңірдің даму жоспарлары, Президент тапсырмаларының орындалуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы нақты қадамдар туралы баяндама жасады. Аудан тұрғындарымен еркін диалог алаңын құрып, жұртшылықтың мұң-мұқтажын, өтініш-шағымдарын білген әкім, халық өтінішін екшеп, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Межелі мерзімді де белгіледі.