ТҮРКІСТАН: Сайрамда «Абай даналығы» атты іс-шара өтті

0
208

Әйгілі ақынның әндерін жырлап, өлеңдерінен үзінділер оқыды.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда «Абай даналығы» атты іс-шара өтті

Сайрамда ұлы Абайдың даналығы жас ұрпаққа ұлықталған кеш өтті , деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрамда ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай даналығы» атты іс-шарасы өтті. Игі шарада аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов алғаш сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын айтулы күнмен құттықтады.


Кемел ұрпақ үшін үлгі-өнегелік, мазмұны мен мәні бөлек мерекелік кеште аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әйгілі ақынның әндерін жырлап, өлеңдерінен үзінділер оқыды.


Кеш барысында көрермен назарына «Бала Абай», «Дара Абай» және «Дана Абай» атты сахналық көріністер ұсынылды.