ТҮРКІСТАН: Сайрамда кіші футболдан облыстық жарыс өтті

0
357

Аудан, қалалардан жиналған 12 команда қатыстып, тартысқа толы ойын көрсетті.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда кіші футболдан облыстық жарыс өтті

Сайрамда жастар арасында кіші футболдан облыстық жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам аудандық Жастар ресурстық Орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Спорт - біздің сенімді серігіміз» атты жастар арасында кіші футболдан облыстық сайыс өтті.


Бұл сайыстың мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл жастарының достық қарым-қатынасын нығайту және спорттық командалық ойындарға олардың қызығушылығын арттыруға бағытталды.


Аталған жарысқа облысқа қарасты аудан, қалалардан жиналған 12 команда қатыстып, тартысқа толы ойын көрсетті.


Сайыстың қорытындысы бойынша, І орын - Еңбекші командасына, ІІ орын - Түлкібас ауданының командасына бұйырса, ІІI орынды жетісайлық команда місе тұтты.


Айта өтейік, Төле би ауданы командасының ойыншысы Құланұлы Асылхан «Үздік қақпашы», ал Келес ауданының ойыншысы Дантай Ерік «Үздік ойыншы» аталымына ие болды.