15 мыңнан астам адам келіп ем алады.
Сайрам өңірі емдік-сауықтыру орталықтарымен де танымал, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сайрам өңірі өзінің тарихи маңыздылығымен қатар, емдік-сауықтыру орталықтарымен де танымал. Соның бірі - Манкент санаториясы. Онда елімізден ғана емес, алыс-жақын шет елдерден де ем алушылар көп келеді. Орталық мамандарының мәліметінше, 420 адамға арналған шипажайға жылына 15 мыңнан астам адам келіп ем алады.
Емдік-сауықтыру орталықтарының жұмыстарымен танысқан аудан басшысы Арман Сәбитов сондай-ақ, 2020 жылы іргетасы қаланған «Sairam Thermal Resort» шипажайына барды. Орталық бүгінде 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Шипажай жылына 3 000 адам қабылдайды. Онда ем-домға қажетті барлық шаралар мен аппараттар бар. Суы шипалы, ауасы таза.