Балалардың жаңа орта тауып, әр күнін қызықты өткізу үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Сайрам ауданында 90 оқушы жазғы сауықтыру лагеріне жіберілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Төлеби ауданына қарасты, Қасқасу аймағында орналасқан "Көктөбе" лагеріне Сайрам ауданының 90 оқушысы демалысқа жөнелтілді.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, дарынды ауыл балаларының интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, қолдау көрсету мақсатында жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын тұрақты түрде жалғастыруда. Бұл «Көктөбе» лагеріне жасалған кезекті үшінші демалыс болып отыр. Сонымен бірге, балаларға арналған әлеуметтік жобасы қарқынды жүргізіліп келеді.
Аталған демалыс орнында, оқушыларға уақыттарын тиімді өткізу мақсатында спорттық және интеллектуалдық шаралар ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, жазғы лагерде балалардың жаңа орта тауып, әр күнін қызықты өткізу үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған.