Айтжановтың шәкірті айқын жеңіске жетті.
Түркістан өңірінің өрені Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан құрамасының боксшысы, Түркістан өңірінің өрені Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады.
Бұл жекпе-жекті Түркістан жастары мен тұрғындары амфитеатрда тікелей эфирде тамашалады. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бастаған түркістандық жанкүйерлер спортшымызға қолдау көрсетті.
51 келі салмақта бақ сынаған Бибосынов бірінші кездесуде 2024 жылғы Еуропа чемпионы, талантты Самет Гумушпен (Түркия) кездесті.
Отандасымыз барлық раунда өте шебер жұдырықтасты. Алғашқы раундта 4:1 есебімен алға шықты. Екінші раундта ол басымдықты толық қолға алып, 5:0 есебімен жеңді. Үшінші раундта да Сәкен соққыларын дәл тигізді.
Осылайша, Айтжановтың шәкірті айқын жеңіске жетті.
Бибосыновтың ширек финалдағы қарсыласы да анықталды. Ол – өзбекстандық Хасанбой Дусматов. Қос мықтының жеңгені жүлдеге қол созады.