ТҮРКІСТАН: ​Сарыағаш ауданында 6 ауылдың электр желісі жаңартылды

0
1 449

Майдабозай, Бекбота, Ащыкөл, Қалғансыр, Көпқұдық пен Байғабыл елді мекендеріне түрлі кернеудегі ұзындығы 407 шақырым болатын электр сымы тартылды.


ТҮРКІСТАН: ​Сарыағаш ауданында 6 ауылдың электр желісі жаңартылды

ERNUR.KZ. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы 6 ауылдың электр желілері тұтастай жаңартылды, деп жазады 24.kz.

Майдабозай, Бекбота, Ащыкөл, Қалғансыр, Көпқұдық пен Байғабыл елді мекендеріне түрлі кернеудегі ұзындығы 407 шақырым болатын электр сымы тартылды.

Көшелерге 51 трансформатор орнатылды. Соның арқасында енді бұл елді мекендер жарықтың жиі сөніп қалуы мен сымдардың тұйықталуынан болатын қатерлерден құтылды. Жалпы соңғы 3 жыл ішінде аудан бойынша 47 елді мекеннің электр желілері жаңартылды. Бұл жұмыстарға облыс қазынасынан 4 миллиард 200 миллион теңгедей қаржы жұмсалды. Соның арқасында аймақ тұрғындарының 80 пайызы бүгінгі таңда жаңартылған желімен үздіксіз электр қуатын тұтынып отыр. Биыл жоспар бойынша жыл соңына дейін тағы 7 ауылдың шіріп қисайған бағаналары үзіле-үзіле жамау болған сымдары мен ескі трансформаторлары жаңарады.

Қайрат Әбдуәлиев, Сарыағаш ауданының әкімі: - Қуат үлкен, халық саны көп болғандықтан подстанция мәселесіне де 300 облыс бюджетінен қаржы бөлінді. Жарық жүйелерінің жаңартумен сапалы пайдалану үшін подстанция, АГРС мәселесі де бірлесіп жүріп жатыр. Осы категория бойынша: « Алматы облысында несиеге мал сатып алған халықтың ісі ілгері басты Маңғыстау облысында орталық ипподром салынады »