Алдағы 4-ауысымда да 100 бала демалады деп жоспарланып отыр.
Сарыағаштық үздік оқушылар «Қазақстан халқына» қорының есебінен лагерде тынығуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш ауданы білім бөлімінің басшысы Дәулет Акатов «Машат-Арасан» сауықтыру орталығындағы оқушылармен еркін форматта кездесу өткізді. Жүздесу барысында бөлім басшысы жеткіншектермен пікір алмасып отырғанына қуанышты екенін айтып, бүгінгі жас ұрпақ қандай болуы керектігі туралы ой қозғады.
Кездесуге жазғы сауықтыру орталығындағы балалар қатысты. Оқушылар бөлім басшысымен түрлі тақырыпта пікір алмасып, диалог өрбітті. Еркін форматта сұқбат жүргізді.
Айта кетейік, биыл «Қазақстан халқына» қорының қайырымдылық жобасы аясында Сарыағаш ауданының 300 оқушысына «Машат-Арасан» оқу- сауықтыру орталығына жолдама берілді. 11 маусымда 2 ауысым бойынша 100 бала жазғы тынығу лагерінде демалса, қазіргі таңда, 21 маусымнан басталған 3-ауысымда 100 бала тынығуда. Алдағы 4-ауысымда да 100 бала демалады деп жоспарланып отыр.