ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық спортшылар ел чемпионатынан жүлдемен оралды

0
897

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын асқақтатын маңызды сала.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық спортшылар ел чемпионатынан жүлдемен оралды

Сарыағаштық жас спортшылар ел чемпионатынан жүлдемен оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тамыз айының 1-5 күндері аралығында Қостанай қаласында аударыспақ спорт түрінен 2006-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен XI Қазақстан Республикасы чемпионатында Түркістан облысының құрама сапында қатысқан сарыағаштық палуандар жеңіспен оралды.


Атап айтсақ, Сүлеймен Тұрдықұлов 2006 жылғы 59 кг салмақ дәрежесінде және Ибрагим Таскет 2006 жылғы 65 кг салмақ дәрежесінде аударыспақтан І орын иегері атанып, алтыннан медаль тақты (жаттықтырушысы – Рахымжан Тұрдықұлов). Сондай-ақ, Сүндет Таскет 2006 жылғы 77 кг салмақ дәрежесінде аударыспақтан ІІІ орынға табан тіреп, қола жүлдегері атанды (жаттықтырушысы Рахымжан Тұрдықұлов). Сонымен қатар, Ердаулет Ергеш 2006 жылғы +90 салмақ дәрежесінде ІІІ орын, Нұрдос Армен 2007 жылғы 54 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын, Бекнұр Нуриддин 2006 жылғы 82 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын (жаттықтырушысы Сулеймен Айдаров) иеленді. Ал Ақбай Жанболат көкпардан І орын иегері атанды.


Бүгінде мемлекетіміздің алға қойған басты міндеттерінің бірі – саналы һәм білімді ұрпақ қалыптастыру. Осы орайда, ұлттық спортымыздың алар орны ерекше. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын асқақтатын маңызды сала. Спортты дамыту, жас ұрпақты спортқа баулу – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта ауданда спорт саласы жылдан жылға дамып, жаңа жетістіктермен толығып, жастардың спортқа деген қызығушылығы артуда.