Өңір басшысының бастамасымен тазалық жұмыстарын одан әрі жалғастыру үшін жыл аяғына дейін жоспар құрылған.
Сарыағаштық тұрғындар өз аулалары мен көшелерін тазалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың аудан орталығын аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалықты қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Шараға Сарыағаш қаласы аумағындағы барлық мекемелер қатысып, А-15 трассасы, Әйтеке би, Исмайылов көшелері тазаланды. Айта кетсек, аталған аумақтың тазалық жұмыстарына 84 жұмысшы мен 8 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласы Құрал Исаұлы көшесі тұрғындары сенбілік жұмыстарына шығып, өз аумақтарын тазалалады.
Өңір басшысының бастамасымен тазалық жұмыстарын одан әрі жалғастыру үшін жыл аяғына дейін жоспар құрылған. Оған сәйкес, ағаш көшеттерін егу, білім беру мен мәдениет ошақтары, шағын және орта бизнес, сауда нысандары мен базар аумақтарын тазалау, алаңдар мен көшелерді абаттандыру сынды шаралар қарастырылған. Тазалықты сақтамаған кәсіпкерлерді, сонымен қатар қоқыстарды бей-берекет тастаған азаматтарды заң шеңберінде жауапкершілікке тарту қарастырылған.