ТҮРКІСТАН: Сарыағаштықтардың мәселелері шешіліп жатыр

0
487

Жиын барысында ауыз сумен, электр жарығымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштықтардың мәселелері шешіліп жатыр

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Самал-3» шағынауданына арнайы барып, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаттары, Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-нің «Оңтүстікауызсу» филиалы, «Сарыағаш ТСЖ» өндірістік бөлімшесінің басшысы Б.Қалдыбаев қатысты. Жиын барысында ауыз сумен, электр жарығымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.


Көшпелі кездесуде аудан әкімі Арман Абдуллаев әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, ауыз су мәселесін оңтайлы шешу мақсатында арнайы жобалаушы мекеме «Улмад» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын және сараптаманың қорытындысын алу үшін тиісті жұмыстар атқарылғанын жетікізіп, аталған жұмыстар өзінің жіті бақылауында екенін атап өтті. Сонымен қатар электр жарығы бойынша аудан басшысы «Самал-2» мөлтек ауданы, Мойынқұм көшесіне тартылған, сот шешіміне сәйкес иесіз болып танылған 1200 метрлік электр желісін ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің теңгеріміне өткізу процедураларын шұғыл жүргізіп, бағаналар мен желілерді жаңарту жұмыстарына тиісті құжаттарды әзірлеу жөнінде тапсырмалар берді.