ТҮРКІСТАН: Сауранда іскер әйелдер форумы өтті

0
742

Шара - іскер әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру және әртүрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшы әйелдерді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған.


ТҮРКІСТАН: Сауранда іскер әйелдер форумы өтті

Сауран ауданында іскер әйелдер форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданында облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Әйел.Қоғам.Бизнес» атты форум өтті. Жиынды Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева ашып, жүргізіп отырды. Форумға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров және іскер әйелдер қауымдастығынан бірқатар делегация өкілдері қатысты.


Шара - іскер әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру және әртүрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшы әйелдерді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған. Жиын барысында облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері мен жеке кәсіпкер Айгерім Номанова, дәріхана жұмысын дамытып келе жатқан Ұлданай Бердіқұлова, «Sem Brend» жиһаз дүкенінің бас есепшісі Шахиста Джалилова өздеріңнің ой-пікірлерін ортаға салды.