ТҮРКІСТАН: Сауранда «Жалын» ерікті жастар клубы құрылды

0
794

7 бағыт бойынша жұмыс атқарады.


ТҮРКІСТАН: Сауранда «Жалын» ерікті жастар клубы құрылды

Сауран ауданында «Жалын» еріктілер клубы құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан «Жалын» ерікті жастар клубы құрылды. Клубтың ашылу рәсіміне Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков арнайы қатысып, ерікті жастардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.


Бұл клубтың мақсаты - Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ауған соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әлеуметтік аз қамтылған отбасылармен тығыз қарым-қатынаста болып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек қолын созу. «Жалын» ерікті жастар клубы - «Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл мұра», «Қамқор», «Білім», «Үміт» сынды 7 бағыт бойынша жұмыс атқаратын болады.