ТҮРКІСТАН: Шардара ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқын алды

0
598

Жалпы ұзындығы 35,53 шақырымды құрайтын 57 көшеге тиісті қаржы бөлінген.


ТҮРКІСТАН: Шардара ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқын алды

Шардара ауданында биыл жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардара ауданындағы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында биыл жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.


Тарқатып айтсақ, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы - 165,0 шақырым, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы - 50,23 шақырым және елдімекен көшелері мен ішкі шаруашылық жолдары - 504,3 шақырымды құрайды.


Ауданда 2023 жылы аудандық маңызы бар және ішкі жолдарды жөндеуге жергілікті бюджеттен жалпы ұзындығы 35,53 шақырымды құрайтын 57 көшеге тиісті қаржы бөлініп, тас төсеу және орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.


Қазіргі таңда асфальт жабынын төсеу жұмыстары Шардара қаласында және Көксу, Алатау батыр ауылдық округтерінде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Шардара қаласы мен ауылдық округтердегі 25 көшеге, тас төсеу мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.


Қоссейіт елдімекеніне кіреберіс 1,6 шақырымдық аудандық маңыздағы жолға орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталуға жақын қалды. Сонымен қатар, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Жаушықұм, Қ.Тұрысбеков және Достық ауылдық округтеріндегі 17 көшеге асфальт жабыны төсеу жоспарланып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Бөлім тарапынан Шардара ауданындағы жөндеуден өткен жолдардың сапасын бақылау мақсатында, ҚР Инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ның Түркістан облыстық филиалымен келісім-шарт түзу жұмыстары атқарылып жатыр. Осы келісім-шарт түзілгеннен соң аудандағы орта жөндеу және тас төсеу жұмыстары жүргізілетін 57 жолдың керіні алынып, сәйкестігі жөнінде лабороториялық қорытындысы алынып сапасы бақыланады.


2023 жылға жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына аудандық бюджет есебінен тиісті қаржы қаралып, Шардара қаласындағы 75 көшенің бұзылған жерлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бөлім тарапынан жүргізген мемлекеттік сатып алу нәтижесімен «Строимонтаж» ЖШС-і жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі таңда Шардара қаласындағы негізгі көшелер толық ағымдағы жөндеуден өткізілді.