ТҮРКІСТАН: Шардаралық боксшы қыз әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

0
535

Жалпыкомандалық есепте Қазақстанның боксшы қыздары сегізінші орынға тұрақтады.


ТҮРКІСТАН: Шардаралық боксшы қыз әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Шардаралық Ләззат Күнгейбаева әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бокстан Үндістан астанасы Делиде әйелдер арасында әлем чемпионатын аяқталды. Сайыс нәтижесінде білікті бапкер Шәміл Сафиуллиннің шәкірттері 2 күміс және 4 қола медаль еншіледі. Ел қоржынына кезекті күміс жүлдені Делиде соңғы болып рингке шыққан аса ауыр салмақтағы (+81 кг) Лəззат Күнгейбаева салды.


Отандасымыз əлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері, марокколық Хадидже Эль-Мардимен шеберлік байқасып, ұпай санымен жеңілді. Лəззат бұған дейін 2014 жылы күміс жүлдеге қол жеткізсе, 2016 жылы əлем чемпионы атанған болатын.


Айта кетейік, Ләззат Күнгейбаева 1987 жылы Түркістан облсы, Шардара ауданында дүниеге келген. Астана қаласында тұратын ол елордада спорттың дзюдо және самбо түрлерімен шұғылданып, самбодан үш рет Қазақстан, екі мәрте Азия чемпионы атанған. Боксқа студент кезінде келген. Соған қарамастан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанған. Әлем және Азия чемпионы.


Үндістан төрінде бірінші күміс медальді Карина Ибрагимова (57 келі) жеңіп алған. Ал Алуа Балқыбекова (48 кг), Надежда Рябец (66 кг), Валентина Халзова (75 кг) және Фариза Шолтай (81 кг) әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстанның боксшы қыздары сегізінші орынға тұрақтады.