ТҮРКІСТАН: Шартты түрде сотталғандар бақылауға алынды

0
1 023

Қоғамдағы құқық бұзушылықтар барынша азаймақ.


ТҮРКІСТАН: Шартты түрде сотталғандар бақылауға алынды

«Шартты түрде сотталған» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоспарына сәйкес елімізде 15-25 маусым күндері аралығында «Шартты түрде сотталған» жедел-профилактикалық шарасы жүргізіліп жатыр.

Атап айтар болсақ, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың жүріс-тұрысын бақылау, олардың тарапынан жасалынған құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және қайта қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын-алу мақсатында жүргізіліп отырған іс-шара Түркістан облысы Отырар ауданында да өткізілуде.

Бұл жедел-профилактикалық іс-шара барысында шартты түрде жазасын өтеушілердің белгілі бір шекарадан шығу-шықпауы, сотты болған тұлғаның хабар бермей ел ішінде жүруі, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық жасауы сынды жұмыстардың нәтижесіне талдау жасалынды.

Сондай-ақ, «Шартты түрде сотталған» жедел-профилактикалық шарасы аясында Түркістан облысы Отырар аудандық пробация қызметі есепте тұрған азаматтардың пікірін тыңдап, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, қоғамдық ортаға бейімдеп, қалыптастыру жұмыстарына ұйытқы болуды жоспарлап отыр. Бұл жобаның арқасында қоғамдық тәртіп бір жүйеге келіп, құқық бұзушылықтар барынша азаймақ.