ТҮРКІСТАН: Шетелдік техниканы сатып алуға субсидия берілмейді

0
379

Отандық техниканы сатып алуға берілетін субсидиялар 30%-ды құрайды.


ТҮРКІСТАН: Шетелдік техниканы сатып алуға субсидия берілмейді

Серік Жұманғарин Түркістан облысындағы көктемгі дала жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


19-22 мамыр аралығында Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде вице-премьер Серік Жұманғарин Қазығұрт ауданының бидай өндірушілерімен және Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының мақта өсірушілерімен кездесті.


Шаруа Спандияр Байғұлов шетелдік ауыл шаруашылығы техникасына субсидия берудегі мәселелер бойынша сұрақ қойды.


“Мен «John Deere» комбайнын 140 млн теңгеге несиеге алғым келді. Бірақ маған бұрынғыдай 6% - ға емес, тек 15% - ға ғана субсидия берілетінін айтты. Бұл қалай?” – деді ол.