Балалар лагерлеріндегі қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Түркістандық ТЖ қызметкерлері шомылу маусымы ашылғалы 3 адамды судан құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Төтенше жағдайлар департаменті суға батқандардың 95%-ы тыйым салынған орындарда тіркелетінін мәлімдейді. Суға шомылу мен демалуға рұқсат етілген орындар жылдан жылға ұлғайтып келеді. Жазғы кезеңде қайықтармен және құтқару құралдарымен жабдықталған мобильді бекеттер қояды. Олар су айдындарына кезекшілік атқарып, патруль жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады. Атап айтқанда, құтқарушылар суға шомылу маусымы басталғалы 3 адамды құтқарды.
Бүгінде демалушылар гидроциклдерді белсенді түрде пайдаланады, ал оларды қауіпсіздік ережесіне бағынбай пайдалану адам өміріне қатер төндіруі мүмкін. Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес Министрлік жағажайларға тексеріс жүргізуді, олардың аумағында адам өлімі фактілері тіркелген жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Осыған байланысты демалыс орындарының инфрақұрылымына бақылау күшейтіледі.
Маңызды міндеттің бірі – балалардың қауіпсіздігі. Балалар лагерлеріндегі қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Сонымен қатар ішімдік ішіп, мас күйде суға шомылу адам өліміне әкелетінін ескере отырып, ТЖ департаменті полициямен бірлесіп, рұқсат етілген және тыйым салынған орындарда патрульдеу мен рейдтер өткізеді.