ТҮРКІСТАН: Созақ ауданында қысқы мал азығы дайын

0
523

Мал азығын дайындау науқаны шілде айының басынан басталған.


ТҮРКІСТАН: Созақ ауданында қысқы мал азығы дайын

Созақтықтар қысқы мал азығын дайындап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Созақ ауданында қысқы мал азығын дайындау мәселесі қарқынды жүзеге асуда. Қарақұр ауылдық округінің шаруалары қысқа дайындыққа қызу кіріскен. Бүгінде «Қарақұр» өңірістік копперативті 2 трактор, 2 пресстеу машинасымен 6000 дана пресс шөп әзірлеген. «Бірлік» шаруа қожалығы болса, жеке қаржысына сатып алынған техниканың көмегімен 7000 дана пресс шөп жиып үлгерді. Шаруалардың тынымсыз еңбегінің арқасында дала шөбінің әр бумасы 700-750 теңгеден сатылуда.


Атап өтсек, Қарақұр ауылдық округінде мал азығын дайындау науқаны шілде айының басынан басталды. Ауыл округі бойынша 2021-2022 жылдарға 10 мың тонна дейін мал азығын дайындау жоспарланса, қазіргі күнде оның жартысына жуығы жиналған.