Алдын-алу бойынша тиісті шараларды қабылдау керектігі жайы кеңінен талқыланды.
Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы ішкі талдау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті. Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің міндетін атқарушы Нұрдос Құлмаханұлы облыстық басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы ішкі талдау жұмыстарын (ТБН-4 іс-шарасы) жүргізді. Нәтижесінде, анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өтіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында аталған лауазымдарда қызмет ететін облыстық 21 басқарманың, оның ішінде, 85 мемлекеттік қызметкерге сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын-алу бойынша тиісті шараларды қабылдау керектігі жайы кеңінен талқыланды.