ТҮРКІСТАН: Талап сақтамаған жазғы лагерьлерге айыппұл салынады

0
1 133

Жазғы лагерьлерде санитариялық-гигиена талаптары сақталуы керек!


ТҮРКІСТАН: Талап сақтамаған жазғы лагерьлерге айыппұл салынады

Түркістан облысында балаларға арналған жалпы 26 сауықтыру орындары бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жақында оқушылар жазғы демалысқа шығып, балалардың кейбірі уақыттарын сауықтыру лагерлерінде өткізетіні белгілі. Түркістан облысында балаларға арналған жалпы 26 сауықтыру орындары бар болса, оның оны мемлекеттің, қалғаны жеке меншік иелігінде.


Тиісінше, балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыру Түркістан облысының сан-эпид бақылау департаментінің басты назарында. Өңірдіңсанитариялық дәрігерлері ҚР ДСМ бекіткен талап бойынша өткен жылы«Балдәурен» республикалық балалар сауықтыру орталығы, «Ақсу», «Самал», «Балдаурен» лагерлерінерекше тәртіппен тексерген.


Нәтижесінде асхана қоймасында тамақ өнімдерін дұрыс сақтамау, аспаздардың жүзік, білезік, сағаттарыншешпестен тағам дайындағандығы, ас мәзірінде балаларға тамақ дайындау үшін дәрумендермен байытылмаған ұн қолданғандығы, кейбір бөлмелерде қабырға сылақтарыныңтүскендігі, есік тұтқаларының сынғаны, дезинфекциялау іс-шараларының тиімділігіне де қатысты санитариялық талаптардың сақталмағандығы белгілі болды.


Анықталған кемшіліктер бойынша 1 лауазымды және 3 жеке тұлғаға жалпы соммасы 466 720 теңге айыппұл салынған.


Маусымдық лагерлерге қойылатын талаптарға тоқталсақ:

  • Жазғы маусым басталар алдында ҚР заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық ведомство бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысын уақытылы алу қажет.
  • Нысандар аумағында тiкенектi бұталар мен жасыл желектердi отырғызбайды.
  • Сауықтыру объектісінің басшысы сауықтыру объектісінің ашылуы алдында және ары қарай көрсеткіштер бойынша аумақты дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық өңдеу жүргізуді ұйымдастырады.
  • Объектілердің аумағы таза ұсталады. Қоқыс жинағыштар 3/2 бөлігi толған кезде тазартылады.
  • Учаскенiң жабдығы (үстелдер, орындықтар, дене шынықтыру жабдығы мен шағын сәулет нысандары) жарамды жағдайда ұсталады.
  • Тұрмыстық қоқыс пен қалдықтарды жинау үшiн бетондалған немесе асфальтталған алаңда орнатылған, қақпақтары бар металл контейнерлер көзделедi. Алаң негiзгi ғимараттардан кемiнде 25 метр қашықтықта орналасады. Сауықтыру науқаны басталар алдында және әрбiр ауысым аяқталған соң техникалық персонал күрделi жинау жүргiзедi.