ТҮРКІСТАН: Техникалық реттеу және метрология саласында 300-ге жуық тексеру жүргізілген

0
510

Түркістан облысы әкімдігінің 21 басқармасын, басқармаларға қарасты 5 мекемені, 12 аймақтық департаментті, 17 аудан-қаладағы 242 мекемені қамтыған.


ТҮРКІСТАН: Техникалық реттеу және метрология саласында 300-ге жуық тексеру жүргізілген

Түркістан облысында техникалық реттеу және метрология саласында 300-ге жуық тексеру жүргізілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті былтыр 278 тексеру жүргізіп, 268 заң бұзушылық анықтаған. Бұл жайында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Әсет Төребаев мәлімдеді.


Сонымен қатар, департамент ҚР Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және орналастыру мониторингі саласында да біршама жұмыстар атқарған. Жұмыс комиссиясының құрамында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп, жұмысшы топ ҚР Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай қолданылуы мен орналастыруы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, Түркістан облысы әкімдігінің 21 басқармасын, басқармаларға қарасты 5 мекемені, 12 аймақтық департаментті, 17 аудан-қаладағы 242 мекемені қамтыған.