ТҮРКІСТАН: Толассыз жауын-шашын әсерінен көшелерді су басып жатыр (видео)

0
868

2 қала мен 3 ауданда төтенше жағдай орын алды.


ТҮРКІСТАН: Толассыз жауын-шашын әсерінен көшелерді су басып жатыр (видео)

Түркістан облысында толассыз жауған жаңбырмен күрес жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау, Түркістан қалалары мен Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарындатолассыз жауған жауын-шашын әсерінен көшелерді су басу жағдайы орын алған. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді су басуына жол бермеу мақсатында ТЖД қызметкерлерінің көмегімен жаңбыр суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.


«2023 жылдың 2 ақпанында Түркістан облысында қатты жауын-шашын салдарынан және таулы аймақтарда қалың қардың еруіне байланысты су деңгейі көтерілді. Содан кейін, еңіспен төмен қарай су тасқыны болды. Соның салдарынан 2 қалада (Кентау, Түркістан) және 3 ауданда (Бәйдібек, Ордабасын, Сауран) аулалар мен көшелерді су басты. Су басқан аулалардың саны нақтылануда. Қазіргі уақытта су басқан үйлер, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Аталған хабарламалар бойынша жергілікті атқарушы және төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері тарапынан аумақтан су сорып, шығару жұмыстары жүргізілуде», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.


Ресми мәліметке сүйенсек, су сору және арықтарды тазалау жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 56 қызметкері, 10 бірлік техника, 20 мотопомпа және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Сонымен қатар, көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты ТЖД жедел желіні іске қосып, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылып жатыр.