ТҮРКІСТАН: Төлебилік тұрғындар өз қаражаттарымен алаң ашып, көпір орнатып алды

0
698

Өз күштерімен көптеген игі істің ұйытқысы болуда.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік тұрғындар өз қаражаттарымен алаң ашып, көпір орнатып алды

Киелітас елді мекенінің тұрғындары өз қаражаттары есебінен ұйымдасып «Наурыз» алаңын құрып, орталық Қожамжар көшесіне кіре беріс жерге көпір орнатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы Киелітас елді мекенінің тұрғындары өз қаражаттарымен «Наурыз» алаңын құрып, орталық Қожамжар көшесіне кіре беріс жерге көпір орнатты. Ауыл тұрғындары бірлесіп, бюджетттен бөлінетін қаржыны күтпей, өз күштерімен көптеген игі істің ұйытқысы болуда.Бір үйдің баласындай жүкті жұмыла көтеріп, атқарған істері де көпке үлгі. Ауыл тұрғындары қандай жетістікке жетсек те бірлігіміздің арқасы деп біледі.


Бұл ауыл үлкен жолдың бойында, таудың етегінде орналасқан. Яғни шаруаға жайлы, топырағы құнарлы, тұмса табиғаты тамылжыған тамаша жер. Аудан орталығына да жақын. Тұрғындары да еңбекқор.


«Ауылына қарап, азаматын таны» десең, елді мекенде туып-өскен бүгінде кәсіпкерлікті қолға алған біршама азаматтар туған жеріне қызмет етуді өз қолына алған. Олар, тапқан табысын ауылын көркейту саласына жұмсап, көпшіліктің алғысын арқалап жүр. Киелітас ауылдық мешіттің имамы және жамағатының ұйымдастыруымен мекеменің кіре берісіне қақпа орнатып, ауыл тұрғындары мен жастары ұйымдасып аллеяның құрылысын жүргізді.


Сондай-ақ, ауылдың орталық Қожамжар көшесінің бойына аяқ жол құрылысы аудандық бюджет есебінен жүргізіліп, түнгі жарық орнатылды. Тұрғындардың бос уақытын өткізіп, тынығуына, балалардың ойнап, асыр салуына арналған ойын алаңшасын абаттандыру ісін ауыл тұрғындары өз күштерімен атқарған. Байбұлақ көшесіне тас төселіп, орта жөндеу жұмыстарымен жүргізілсе, ұлттық нақышта мемлекеттік қазақ тілінде елді мекен атауы мен оң сапар тілеу сөздері жазылған арка орнатылған.