ТҮРКІСТАН: Төлебиліктер құлпынай шаруашылығын дамытып жатыр

0
383

Құлпынайға деген сұраныс төмендеген емес.


ТҮРКІСТАН: Төлебиліктер құлпынай шаруашылығын дамытып жатыр

Төлеби ауданында құлпынай шаруашылығ дамып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданына қарасты Тасарық ауылдық округі Оңтүстік елді мекенінің тұрғыны Шонов Қалмахан өзінің үй іргелік 0,80 га жеріне тамшылатып суару жүйесін енгізе отырып, құлпынай өсіруде.


Дәмімен ғана емес, денсаулыққа тигізер пайдасымен үлкеннің де кішінің де сүйікті жидегіне айналған құлпынайға деген сұраныс төмендеген емес. Құлпынай көшеттерінің «Виктория», «Черный принц», «Клер» сортын арнайы жабынды астында егіп, құрғашылықтан сақтау үшін тұрақты түрде суарылып отырады. Су шығынын үнемдеу үшін тамшылатып суару жүйесі қолданылған. Бұл әдістің тиімділігі сол, өсімдік уақытылы суарылады әрі тіршілік нәрі әрбір көшеттің тамырына дейін барады. Ешқандай химиялық тыңайтқышсыз, табиғи жолмен өсіріліп, піскен құлпынайды теру жұмысы жүргізілуде. Шаруа күніне 350-500 кг дейін құлпынай жинап, тәтті жидек теру ісіне ауыл тұрғындары көмек беріп, 6 адам жұмыспен қамтылып, өнімді сауда орындарына жеткізуде.