ТҮРКІСТАН: Түлкібас пен Сайрамды жалғайтын күре жол пайдалануға берілді

0
1 556

Жасанды жол кедергісі орнатылып, жол таңбасы сызылды.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас пен Сайрамды жалғайтын күре жол пайдалануға берілді

Түлкібас пен Сайрам аудандарын жалғайтын күре жол пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Түлкібас және Сайрам аудандарын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-63 «Бадам-Шұбар-Аққойлы-Құтарыс-Қарабұлақ-Түлкібас» автомобиль жолының 67-83 шақырым аралығы орташа жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.


Жөндеу жұмыстары барысында Састөбе-Ынтымақ-Машат-Қарабұлақ елдімекендері аралығындағы 16 шақырым жолдың ескі асфальт жабындысы толығымен жаңартылып, жол бойындағы 4 дана су өткізгіш құбыры ауыстырылды. Сондай-ақ, Машат, Ынтымақ елдімекендерінде 2,5 шақырым жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол салынды.


Одан бөлек, қауіпсіз жол жүрісін қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан күтіп ұстау жұмыстары есебінен Машат, Ынтымақ елдімекендеріне жасанды жол кедергісі орнатылып, жол таңбасы сызылды.


Жүргізілген жұмыстардың сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты бақылауда болды.