ТҮРКІСТАН: Түлкібаста медициналық нысан пайдалануға берілді

0
481

Онда жалпы дәрежелі дәрігер, фельдшер, медбике ауыл тұрғындарына қызмет етеді.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста медициналық нысан пайдалануға берілді

Түлкібас ауданында жаңа медициналық нысан ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданына қарасты 1800-ге жуық тұрғыны бар Ақбиік елді мекенінде жаңа медициналық нысан ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Онда жалпы дәрежелі дәрігер, фельдшер, медбике ауыл тұрғындарына қызмет етеді.


Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов, аудандық аурухананың бас дәрігері Жанат Тоғайбекова, ауыл ақсақалдары мен ауылдан сайланған мәслихат депутаты және ауыл әкімі қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.


Елді мекен тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақтасында өткен жылы аудан аумағындағы медициналық тіректі қажет ететін 15 елді мекеннің 3-еуіне заманауи жаңа нысан салынып, пайдалануға берілген болатын.


Бұл бағыттағы жұмыстар мұнымен тоқтап қалмай, биыл Абайыл, Мақталы, Шақпақ баба және Қызыл әскер елді мекеніне заманауи фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарланып отыр.