ТҮРКІСТАН: Түлкібаста тарихи басылымның атауына көше берілді

0
1 288

92 жылдық мерейтойының құрметіне арналған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста тарихи басылымның атауына көше берілді

Түлкібаста тарихи басылым «Шамшырақ» атына көше берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданы әкімдігі мен ҚР Журналистер одағының қолдауымен аудандық «Шамшырақ» газетінің 92 жылдық мерейтойының құрметіне аудан орталығындағы атаусыз көшеге «Шамшырақ» атауы берілді. Бұл халықтың құлағы, тілі һәм көзі болған тарихы тереңде жатқан басылымға деген құрметтің ең үлкен белгісі. Көше атауының салтанатты ашылуына аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов, аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек және ардагер тілшілер мен аудан азаматтары қатысты.


Жиын барысында ел ағалары «Шамшырақ» көшесінің бойына ағаш егіп, көшенің абаттандырылуына өз үлестерін қосты. Айта кетейік, «Шамшырақ» газетінің ұжымы тарапынан көше бойында орналасқан барлық үйге «Шамшырақ» атауы көрсетілген ангшлактар мен нөмірлер ілінді.