20 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Түлкібастық кәсіпкер егістік алқабынан тәулігіне төрт тонна қияр алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түлкібастағы Жаскешу ауылының тұрғыны Назира Телгозиева 2023 жылдың сәуір айында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 га егістік алқабында қияр өсіруде. Тәулігіне төрт тонна қияр алатын егістікте, 20 адамды жұмыспен қамтып отыр.
"Бүгінде ізденіп еңбек етіп, жеке кәсібін өрлетемін деген азаматқа мүмкіндіктер өте көп. Ең бастысы ерінбеу керек деп ойлаймын. Жолдасым екеуміз осы кәсіпті игеріп келе жатқанымызға біршама жыл болды, отбасылық кәсіп деп айтуға да болады. Бүгінде еңбегіміздің нәтижесін көріп отырмыз. Табысымыз отбасымызға толық жетеді. Қазіргі тағда қиярға сұраныс өте жоғары, сол үшін балаларымыз да арасында көмек беріп, қолдау көрсетеді», - дейді кәсіпкер.
Егін алқабының басынан келісін көтерме бағада 90-100 теңгеден кәсіпкерлердің өзі келіп алып кететінің алға тартқан отағасы, алынып жатқан қиярлардың басым бөлігі көршілес Сайрам ауданына кетіп жатқанын айтады. Телгозиевтер отбасы мұнымен тоқтап қалмай алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайтып, тағы біршама адамды жұмыспен қамтымақ.
Еске сала кетсек, 2023 жылға берілетін мемлекеттік қайтарымсыз гранттың үшінші легі ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталады деп жоспарланып отыр.