ТҮРКІСТАН: «Тұран даласының күйлері» байқауы өтті

0
1 078

«Ұлттық домбыра» күні мен Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы


ТҮРКІСТАН: «Тұран даласының күйлері» байқауы өтті

Түркістанда «Тұран даласының күйлері» атты күйшілер байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен, Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық домбыра» күніне орай және Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдық мерейтойы аясында «Тұран даласының күйлері» атты күйшілер байқауы өтті.


Байқау мақсаты – халыққа өнері де, өмірі де өнеге болған қазақтың ардақты перзенттерінің бірі, күй көгінде қалықтаған Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығын, қазақтың күйшілік өнерін өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, біртуар тұлғаның ізбасарларын жетілдіріп, қанаттарын қатайту.


Қазақтың төкпе күйлері мен шертпе күйлерін орындаған қатысушылардың арасында «Айнамкөз» өнер мектебі, Саз мектебі, «Ақжайық» музыка мектебі, сондай-ақ қаладағы орта мектеп оқушылары да бар.


14 үміткер қатысқан байқауға өнердің биігін бағындырған таланттар төрелік етті. Әділ қазылар алқасының құрамында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың аға оқытушысы Иманали Сайманов және «Ақжайық» музыка мектебінің директоры Сырым Айсынов, Түркістан балалар Саз мектебінің домбыра пәнінің мұғалімі Данакөз Ахметханқызы бар.


Қазылар алқасының шешімімен үлкен топта бас жүлде Шайзында Жансаяға бұйырды. Ал I орынды Әбдіраман Саят, II орынды Мәткен Аяулым, III орынды Рамазан Саят иемденді. Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы арнайы жүлдемен Жетібай Рәтхан марапатталды. Кіші топта I орын Садық Мейірланға, II орын Серікбай Нұрболат пен Өтебек Балнұрға, III орын Тастанбек Жарқынбек пен Әлімсейіт Нұрзатқа бұйырды. Төлеген Момбеков атындағы арнайы жүлдемен Шалқар Арайлым марапатталды. Байқауға белсене атсалысқаны үшін Құнанбаев Игілікке, Жетібай Дархан мен Сабиров Садирға арнайы диплом табыс етілді. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды.