ТҮРКІСТАН: Тұрғындардың мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді

0
715

Кез келген мәселе назардан тыс қалмайды.


ТҮРКІСТАН: Тұрғындардың мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді

Түркістан облыстық тұрғындардың жеке қабылдауларда көтерген мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау жиі өткізіледі. Қабылдауда көтерілген мәселелердің бірі сол мезетте шешімін тапса, бірінің оңтайлы шешілуі уақыт талап етеді. Кез келген мәселе назардан тыс қалмайды.


Бұл жолы облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев өзі жетекшілік ететін салалар бойынша өңір тұрғындарын кезекті рет жеке қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар денсаулық, жұмысқа орналасу, білім саласына қатысты мәселелерді көтерді. Мәселен, түркістандық тұрғын денсаулығына байланысты Астана қаласына емделуге ықпал жасауды сұрады. Созақ ауданы, Бабата ауылынан келген азаматтар заңсыз жұмыс орнынан босатылғанына шағымданса, Шардара ауданының тұрғыны Ұзыната мазаратының реставрация мәселелесін көтерді.


Облыс әкімінің орынбасары жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Жауапты басшыларға мәселелерді зерделеп, шешуді тапсырды. Өтініштер бақылауға алынды.