ТҮРКІСТАН: Тұрғындардың жанжалын тоқтатқан тәртіп сақшысы жарақат алды

0
1 345

Белгісіз тұлғалар келіп, оның үйі мен көршілерінің ауласына қарай тас лақтырған.


ТҮРКІСТАН: Тұрғындардың жанжалын тоқтатқан тәртіп сақшысы жарақат алды

фото: әлеуметтік желіден

Түркістан облысында учаскелік полиция инспекторының жедел-әрекеті арқасында бұзақылық тоқтатылған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Естеріңізге сала кетсек, Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылындаер адам мен ауылдасының арасында түсінбеушілік орын алып, соңы бұзақылыққа ұласқан. Яғни жәбірленушінің үйіне бірнеше автокөліупенбелгісіз тұлғалар келіп, оның үйі мен көршілерінің ауласына қарай тас лақтырған. Нәтижесінде жәбірленушінің 3 туысы жарақат алып, ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген болатын.

Аталған ақпаратты алысымен оқиға орнына алғашқылардың бірі болып осы аймаққа белгіленген учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Құралбаев жеткен. Ол ауыл тұрғындары арасындағы түсінбеушілікті жойып, тоқтатқан. Тұрғындардың қару қолдануына жол бермеген. Осылайша учаскелік полиция инспекторының жедел әрекет етіп, дұрыс жұмыс жүргізгенінің арқасында дау-дамай тоқтап, адам шығыны болмаған. Алайда, өз қызметін атқару барысында полицей күдіктілер атқан тастан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген және оған медициналық көмек көрсетілген.

"ТО ПД басшылығынан құрылған жедел-тергеу тобы сол тәулік ішінде осы бұзақылыққа қатысы бар 4 тұрғынды анықтап ұстады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ТО ПД-ның баспасөз қызметі.