Түркістан қаласында орналастыру орындарының саны да артып келеді.
Түркістанда туристер үшін «Визит орталығы» қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысынының орталығы Түркістан қаласы мәдениет пен туризмнің орталығына айналып келеді. 2024 жылы Түркістан қаласы «Түркі әлемінің туристік астанасы» мәртебесіне ие болды.
Киелі шаһарда құрылыс қарқын алып, туристік нысандардың саны да артып келеді. Өңірде туризм саласын дамытуға басымдық берілген.
Туристерге қызмет көрсету саласын дамыту бағытында үшжақты меморандум аясында «Визит орталығы» қайта құрылып, өз жұмысын бастады. Орталықта келушілерге тарихи және мәдени ескерткіштер туралы нақты ақпарат беріліп, гидтік қызмет көрсетіледі. Мұнда 3 тілді (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) жетік меңгерген білікті мамандар жұмыс істейді.
Айта кетейік, Түркістан қаласына келген зиярат етуші және туристер саны 2023 жылдың 6 айлық көрсеткіші бойынша 394 мыңға жуық адамды құраса, биыл ол көрсеткіш 39,1 пайызға артып, туристер саны 647 мыңнан асқан. Ал киелі шаһарға келген шетелдік туристердің саны 2024 жылдың 6 айында 12 мыңға жуық адамды құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 58,4 пайызға артып отыр.
Түркістан қаласында орналастыру орындарының саны да артып келеді. Биыл олардың саны 56-дан 62-ге жеткен.