ТҮРКІСТАН: ЮНИСЕФ өкілі білім саласына жоғары баға берді

0
574

Пленарлық отырыс, әріқарай негізгі 5 секция бойынша жалғасты.


ТҮРКІСТАН: ЮНИСЕФ өкілі білім саласына жоғары баға берді

Түркістанда «Білім берудегі инновациялар: идеядан іске асыруға дейін» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан «Оқушылар сарайында» «Білім берудегі инновациялар: идеядан іске асыруға дейін» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция алдымен жалпы пленарлық отырыстан басталып, Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, академик Асқарбек Құсайынов тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығына толық тоқталды.


Одан кейін Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Литисия Баззи Вейл сөз алып, соңғы уақытта еліміздегі балаларға білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен нәтижелерге жоғары бағасын берді. Пленарлық отырыс, әріқарай негізгі 5 секция бойынша жалғасты.


«Оқушылар сарайының» директоры, Индира Сарқытқызы:


«Жаһандану кезеңінде өзгеріске түспеген ұлт кемде кем. Солай бола тұра біз балаларға білім беру ошақтарында ұлттық кодты сақтауға әрі жалғастыру үшін түрлі жолдар қарастыруымыз керек деп білемін. Оның маңызы – ұлттың ұлт болып сақталуында, өз мәдениеті мен болмысынан айырылмауында. Ал қазіргі оқушы – жаңа технологияны меңгерген, ақпараттық кеңістікте қиындықсыз өмір сүре алатын тұлғалар. Оларға ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді сіңіру тікелей ата-ана мен білім беру ошақтарына міндет болып тұр» - деді.


Конференция аясында нақты ұсыныстар қаралып, оны жүйеге енгізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ «Оқушылар сарайының» UniSat білім беру хабының жұмысы таныстырылды.